Ағылшын жазушысы қазақ мәдениеті туралы балаларға арналған кітап жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағылшын жазушысы қазақ мәдениеті туралы балаларға арналған кітап жазды

17.05.2021

Ұлыбританияда қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен дәстүрі туралы сыр шертетін «Жарық жұлдыз» атты балалар кітабы жарық көрді. Туынды авторы, жазушы Луис Пул кішкентай қызымен бірге Шропшир графтығына барған кезде осы кітапы жазу туралы тоқтамға келген. Еркін жайылып жүрген жабайы жылқыларды көрген қыз олардың қалай қолға үйретілгенін сұрайды. Жазушы біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырлардағы Ботай мәдениетін зерттей келе жылқының алғаш рет Қазақстанда шаруа үшін пайдаланыла бастағанын біледі.

Әдеби шығарманың басты кейіпкері Раушан есімді 12 жасар қыз бен Жарық жұлдыз атты жылқы. Оқиға желісіне сәйкес Раушан жануардың тілін тауып достасады. Жазушының негізгі мамандығы - суретші. Сондықтан кітаптың иллюстрациясымен өзі айналысқан.

Луис Пул, жазушы:
Тарихты жақсы көретін, Қазақстан туралы білгісі келетін ересектер де әдеби шығармадан өзіне керегін таба алады. Кітап сөрелерінен табылуы тиіс дүние деп ойлаймын. Осылайша Қазақстанның әлемдегі танымалдылығы артады деген үміттемін. Кітапты онлайн дүкендерден тапсырыс беріп, алуға болады.  

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу