«Жарқын бейне» хабары Сейітжан Омаровтың шығармашылығына тоқталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейне» хабары Сейітжан Омаровтың шығармашылығына тоқталмақ

19.07.2015
«Жарқын бейне» хабары Сейітжан Омаровтың шығармашылығына тоқталмақ

Сейітжан Омаров туындыларының жас жеткіншектерді отаншылдыққа, қаһармандыққа, шынайы достық пен мызғымас ынтымаққа, руһани тазалық пен биік парасатқа тәрбиелеуде маңызы зор.

Оны замандастары: «Балалар әдебиетінің ең көрнекті жазушысы»,-деп бағалайды.

Жазушының «Заман күші», «Әңгімелер», «Балзия», «Қайырлы жаз», «Алтын алқап», «Күншуақ», «Дала қызы», «Бақ жұлдызы», «Қиыр жол», «Қасиетті бұлақ», тағы басқа повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қызыл арай» романы жарық көрген.

Аударма саласында Лев Толстой, Сергей Баруздиннің балаларға арналған әңгімелерін, Антон Чехов, Максим Горький шығармаларын, Валентин Катаевтың «Жалғыз жалау жалтылдап», «Полк баласы» повестерін, неміс филологтары ағайынды Гриммдердің ертегілерін, башқұрт жазушысы Сайфи Құдаштың повестерін, чех жазушысы Божена Немцованың «Алтын кітап», «Күміс кітап» ертегілерін қазақ тіліне аударған.

Өзінің  көптеген туындылары да шетел тілдеріне аударылған. Жазушының өмірі мен шығармашылығы турасында толығырақ бүгін 13:45-те «Жарқын бейне» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу