Ертең – «Балапан» телеарнасының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең – «Балапан» телеарнасының туған күні

26.09.2015
Ертең – «Балапан» телеарнасының туған күні

«Балапан» телеарнасы  - 2010 жылдың 27  қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамында ашылған. 3-12 жас аралығындағы балаларға арналған телеарна тек қазақ тілінде хабар таратады. Бүгінде 14 сағат бойы кабельдік, спутниктік жүйемен  эфирге шығады.

Телеарна кішкентай көрермендеріне танымдық, спорттық, интеллектуалдық ойындар мен музыкалық шоу, отбасылық хабарлар, анимациялық мультфильмдер мен балаларға арналған телехикаялар ұсынуда.

Бүгінде «Балапан» балалардың айнымас серігіне айналды. Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, зерде-зейінін ұштайтын, тәлім-тәрбие беретін, ұлттық тарих пен салт-дәстүрді санасына сіңіретін сан түрлі бағдарламалар жасалды.

Еліміздегі балаларға арналған бірден-бір телеарна биыл жаңа маусымды тың жаңалықтарымен бастады. Атап айтсақ, кітап әлемімен таныстыратын «Сиқырлы кітаптар», Қазақстандағы этностар туралы «Достық даңғылы» мультхикаялары, ағылшын тілін үйрететін «ABC+» хабары, спорттық «Шытырман» бағдарламасы, аспаздық туралы «Аспаз мектебі» хабары, балаларды ғылымға баулитын  «Керемет ондық» бағдарламасы және бірнеше шетелдік мультхикаялар ұсынуда.

Сонымен қатар, басқа да бағдарламалардың жаңа маусымы түсірілді.

Телеарнаның balapantv.kz cайты балаларға арналған түрлі ойындар, жаңалықтар, танымдық материалдар мен қызықты ақпараттар ұсынады. Сондай-ақ, бүлдіршіндер телеарна   сайтынан  «Балапан» телеарнасының жобаларын тамашалай алады.  

Хабарламаларға жазылу