Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс өршіп тұр

12.05.2021

Израиль мен Хамас қозғалысы арасындағы қақтығыс толастамай тұр. Израиль қорғаныс министрлігі Газа секторында толық тыныштық орнамайынша, әуеден соққы беру жалғасатынын хабарлап, шекараға әскер күштерін жіберіп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Палестинада құрбандар саны 48-ге жетіп, 300 жүздей адам жараланған. Хамастықтар мен өзге де қарулы топтар ірі қалаларға мыңнан астам зымыран жіберіп, 7 адамды опат қылды. Бұл – 2014 жылдан бері Таяу Шығыста болған ең үлкен әскери жанжал. Оған еврейлердің Шығыс Иерусалимдегі мұсылмандар мен иудейлер үшін қасиетті саналатын жерден араб отбасыларын күшпен көшіру әрекеті себеп болды. Сондай-ақ, Израиль Дамаск қақпасы маңындағы алаңға полиция шоғырландырған. Бұл шешім де Хамастың наразылығын тудырды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу