Газада 35, Израильде 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газада 35, Израильде 5 адам қаза тапты

12.05.2021

Израиль мен Хамас қозғалысы арасындағы қақтығыс өрши түсті. Бүгін таңертең Израиль әуе күштері Газа секторына соққы беріп, бірнеше ғимаратты тас-талқан етті. Палестинада құрбандар саны 35-ке жетіп, жүздеген адам жараланған. Хамастықтар мен өзге де қарулы топтар Израильдің Тель-Авив және Беершеба қалаларына 200-ден артық зымыран жіберіп, 5 адамды опат қылды. 

Бұл – 2014 жылдан бері Таяу Шығыста болған ең үлкен әскери жанжал. Оның басталуына еврейлердің Шығыс Иерусалимдегі мұсылмандар мен иудейлер үшін қасиетті саналатын жерден араб отбасыларын күшпен көшіру әрекеті себепші. Сонымен қатар, Израиль палестиналықтар Тарауық намазына жиналатын Дамаск қақпасы маңындағы алаңға полиция шоғырландырған. Бұл шешім де Хамастың наразылығын тудырды. 

Айта кетсек, арабтар Шығыс Иерусалимді болашақта құрудан үмітті Палестина мемлекетінің астанасы етуді көздеп отыр.


Арыстан Рысбек

газа израиль

Хабарламаларға жазылу