Үндістанда індеттен бір күнде 4205 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда індеттен бір күнде 4205 адам қайтыс болды

12.05.2021

Еуропа елдері карантин талаптарын кезең-кезеңімен жеңілдетіп, туризм саласын жаңғыртуға дайын. Алайда Одақ аумағында саяхаттау үшін «вакцинация төлқұжаты» міндетті шарттардың бірі болмақ. Қарт құрлықта екпе егу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бельгия маусымның 9-нан бастап шектеу шараларын тоқтатуды жоспарлап отыр. Ол үшін вирус жұқтыру оқиғалары азайып, жан сақтау бөлімдерінде науқастар саны 500-ден төмен болуы тиіс. Сол кезде ғана елде мәдени, спорттық шаралар өткізуге, еркін саяхаттауға рұқсат беріледі.

Германия болса, Австриямен шекарасын ашып, талаптарды жеңілдетті. Елде инфекцияның таралуы бәсеңдеген. Осыған байланысты, мамырдың 19-нан комменданттық сағат тоқтатылып, қоғамдық орындардың жұмысына рұқсат беріледі.

Ал Үндістанда жағдай әлі қиын. Өткен тәулікте 4200-дей науқас қайтыс болып, жалпы құрбандар саны 254 мыңнан асты. Елде медициналық заттармен қатар, вакцина да тапшы. Эпидахуал Үндістанға көршілес мемлекеттерде де өршіп барады.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу