Бұқтырма өзеніне жасыл түсті су ағып жатыр
Шығыс Қазақстанда Бұқтырма өзеніне жасыл түсті су құйылып жатыр. Алтай ауданының тұрғындары таяуда кеніш қасындағы арық суының түсі өзгеріп кеткенін байқаған. Сол жерден түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіге тарады. Осы маңда «Казцинк» кәсіпорнына қарайтын кен өңдеу кешені бар. Өндірістік қалдықтардың суы арнайы тоғанға жиналып, күз-көктемде арық арқылы өзенге ағызылады. Экологтардың пікірінше, сол жердегі судың жасыл түске боялуы - фотосинтез нәтижесі. Сондықтан, бұл құбылыс адамдар мен қоршаған орта үшін зиянды емес деп мәлімдеді. Дегенмен, судан сынама алынып, зерттеу жұмыстары басталды.
Данияр Әлиев, облыстық экология департаментінің басшысы:
Барлық жерден сынамаларды алдық. Су қойманың өзінен, ағып жатқан жерінен, Бұқтырма өзенінен алдық. Химиялық және биологиялық сараптама өткізіп, өзіміздің есепті береміз.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08