Ерлік еленген күн! Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үздік әскери қызметкерлерге мемлекеттік награда табыстады. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында ерліктері еленген ұшқыш, полицей, өрт сөндіруші мен прокурор Мемлекет басшысының қолынан жоғары әскери шен мен марапат алды.
Ақордаға қызметін абыроймен атқарып, ерекше ерлігімен көзге түскен 50-ге жуық офицер мен қарапайым сарбазға дейін шақырту алған. Президент оларды мерекесімен құқттықтап, мерейлерін өсірді. «Айбын», «Даңқ» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапаттады. Мемлекет басшысы халқымыздың ерлігін танытатын қос мереке биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өтіп жатқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің мықты қорғаныс жүйесін қалыптастырдық. Әскеріміздің бес қаруын сайлап, сарбаздардың жауынгерлік рухын көтердік деді Мемлекет басшысы. Айтуынша Қазақстан тұрақтылық пен бейбітшілікті қалайтын мемлекет. Бірақ ұлттық мүддемізге нұқсан келтіретін кез-келген әрекетке тойтарыс беруге дайын болуымыз керектігін де ескертті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сарапшылар алпауыт мемлекеттер арасындағы тартыстарды қырғи-қабақ соғыс кезеңіндегі ахуалмен теңестіруде. ТМД аумағында, тіпті, іргелес көрші елдерде жанжалдар пайда болып жатыр. Ескі дауларға қазіргі түйткілдер қосылып, жағдай күрделене түсті. Бұл – бәрімізді алаңдатып отырған мәселе. Сондықтан арқаны кеңге салмай, ұлттық қорғаныс ісінде темірдей тәртіп сақтауымыз керек.
Досжан Маратұлы