Басты Жаңалықтар Жасанды интеллект мектебі ашылады

Жасанды интеллект мектебі ашылады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы бір минут үнсіздікпен басталды. Мұнан соң форумда Президент жуырда іске асатын маңызды жобаларға тоқталды. Соның бірі – Қазақстан мен Қытай Астанада жасанды интеллект мектебін ашады. Биыл еліміздің Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылтайшысы атанғаны белгілі. Бұл бастаманы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзинпинь көтерген еді. Енді Қазақстан ұйымдағы рөлін нығайту үшін Қытаймен ортақ зерттеу орталықтарын құруға мүдделі. Жаңа білім ордалары да көбейе түспек. Бүгінгі форумда осы мәселе кеңінен талқыланып жатыр. Ауқымды іс-шара барысында екі елдің ірі компаниялары бірлескен жобалар жөнінде келісім жасасты. Сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республиксының Президенті:

Қазақстан үкіметі еліміздегі инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіріп, жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Осы орайда құрметті қытайлық әріптестердің ұсынысы мұқият қаралып, міндетті түрде ескеріледі. 


Бөлісу