Басты Жаңалықтар Партиялар әскери қызметшілердің жақындарына қаржылай көмек көрсетеді

Партиялар әскери қызметшілердің жақындарына қаржылай көмек көрсетеді

Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына психологиялық және материалдық тұрғыдан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Мемлекет тарапынан олардың әрқайсысына қажетті көмек ұйымдастырылып, ерекше назар аударылды. Қайғылы жағдайдан зардап шеккен азаматтардың ешқайсысы мемлекет назарынан тыс қалмайды. Еліміздегі партиялар да бұл тұрғыда өз қолдауларын білдіріп жатыр. «Әділет» партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 млрд теңге аударады. Жиналған қаржыны «Ұлттық рух» қорына жібереді. Ал Respublica партиясы 100 млн теңге бөлетінін хабарлады. Партия мүшелері қаза тапқан сарбаздардың етжақындарына қайғыра көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 


Бөлісу