Президент қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. «Ырыс-ынтымақ пен отаншылдық рух ұлттық кодымыздың ұйытқысы болып отыр. Халқымыздың әділетті әрі дамыған мемлекет құрып, елімізді өркендету жолындағы мүддесі ортақ. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта татулық пен өзара түсіністік болсын!», - делінген Президент құттықтауында.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та халықты мерекемен құттықтады. «Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады. Біздің мақсатымыз – қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған бірлікті көздің қарашығындай қорғау. Тек татулықтың арқасында ғана басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз», - деп атап өтті Елбасы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
11 500 оқушы бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты
17.03.2026, 20:58
Президенттен сыйақы алған оқушы үздік университетке түсті
17.03.2026, 20:55
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы елге оралды
17.03.2026, 20:53
Көкпардан Әлем чемпионаты басталды
17.03.2026, 20:52
Ақтөбеде «Шаңырақ» күнінде босанған аналарға бесік сыйлады
17.03.2026, 20:38
21 мыңнан аса азамат әскер қатарын толықтырмақ
17.03.2026, 20:13
Теңге нығая түсті
17.03.2026, 20:13
Су тасқынына дайындық жұмыстары басталды
17.03.2026, 20:12