Жалпыға бірдей декларациялау: 437 мың адам салық есептілігін ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалпыға бірдей декларациялау: 437 мың адам салық есептілігін ұсынды

27.04.2021
Жалпыға бірдей декларациялау: 437 мың адам салық есептілігін ұсынды

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде қанша мемлекеттік қызметкер салық есебін тапсырғанын айтты. 

«Декларациялаудың бірінші кезеңі шеңберінде бүгінгі күні 437 мыңнан астам адам салық есептілігін ұсынды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 91%-ы», — деді министр.
«100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42 қадамына сәйкес кірістер мен шығыстарды жалпыға ортақ салықтық декларациялау жүргізу көзделген. Мұндай жүйе көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған, сондай-ақ бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге ықпал етеді», — деді Е. Жамаубаев.

Бұл ретте, салық салынатын базаны төмендету мақсатында жеке тұлғалар әлеуметтік салық шегерімдерін қолдана алады. Азаматтардың тиісті шығыстары болған кезде табыс салығының мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.

Декларациялау кезең-кезеңімен, мемлекеттік қызметшілерден бастап, кейіннен барлық азаматтар үшін жүргізіледі. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсыра бастады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсыратын болады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары тапсырады.


декларациялау Үкімет

Хабарламаларға жазылу