Жамбыл облысында жоғалған қызды іздеуге келген құтқарушының өзі суға кетті
Жамбыл облысы Тасөткел су қоймасында 24 жастағы қызды іздеу кезінде, жоғалып кеткен сүңгуірдің бірі әлі табылмады. Тараздан арнайы келген құтқарушылар төңіректі сүзіп шыққан. Алайда, кешке жел тұрып, асау ағыс 50 жастағы сүңгуір мінген қайықты тартып әкетеді. Сүңгуір сол бойы жоқ. Жарты сағаттан кейін қарсы жағалаудан оның құтқару жейдесі мен мотор қайығы ғана табылған. 13 күнен бері 100-ге жуық құтқарушы мен екі тікұшақ іздестіріп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Жоғалған қыз да табылмады.
Мақсат Қосыбаев, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары:Бұл өте тәжірибелі сүңгуір. Тәжірибесін мүмкіндігінше қолданды. Яғни бұл арада тек дауылдың әсері. Қатты тұрған дауылдан, жоғарғы толқын қайықтың дер кезінде жағаға қайтуына мүмкіндік бермеген.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:58
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:45
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:20
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:19
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:17
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:15
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:12
Қайғыдан қаралым жинау – адамгершілікке жат қылық
25.09.2026, 20:08