«Ashyq» қосымшасы қалай жұмыс істейді
Алматыда «Ashyq» жобасының арқасында 121 адамның «қызыл» және «сары» түсті мәртебемен жүргені анықталды. Бұл дегеніңіз олар - деректер базасында вирус жұқтырған боп тіркелгендер және науқаспен байланыста болған деген сөз. Соңғы 4 күннің ішінде QR-код арқылы 110 тұрғынның «қызыл» түсті , ал 11 келушінің «сары» түсті мәртебеге ие екендігі белгілі болды. Оларды қандай жаза күтіп тұр? «Ashyq» жобасының мақсаты неде? Жазира Оразқызының бейнематериалы.
Жазира Оразқызы, тілші:
Пилоттық жобаға қатысып жатқан нысандардың бірі - жаттығу залдары. «Ashyq» жобасы туралы жан-жақты ақпаратты Айымбала Мешелова айтып береді. Айымбала, жобаның талаптары неде? Қалай жұмыс істейді?
Айымбала Мешелова, «Атамекен» ҰКП жетісу аудандық филиал директоры:
Мекемеге келушілер кірген кезде, қосымшаға кіріп, QR-код арқылы өзінің мәртебесін көреді. Егер осындай «көк» түсті мәртебе шықса, ары қарай кіре береді. «Көк» және «жасыл» түске ешқандай кедергі жоқ. Ал «қызыл» және «сары» түсті мәртебесі бар азаматтар мекемеге кіруге тыйым салынады. Жоба карантин басталғалы жұмысына тыйым салынған мекемелердің қалыпты жұмыс жасауына және кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріліп отыр.
Жазира Оразқызы, тілші:
Қазір Алматыда 300-ден астамк кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің екінші айналымы аяқталды
24.06.2026, 20:20
БҚО-да күрежолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
24.06.2026, 20:15
Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды
24.06.2026, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 20:13
Шымкентте инвестициялық жобаларды қолдау күшейтіледі
24.06.2026, 20:12
Өңірде коммуналдық проблема түбегейлі шешіледі
24.06.2026, 20:10
Газ құю бекеттеріндегі оқыс оқиғалар тыйылмай тұр
24.06.2026, 20:06
Өңірдегі стратегиялық нысандар - Үкімет назарында
24.06.2026, 20:05