Түркияда мутацияланған вирус жұқтырғандар саны күрт көбейді
Түркияда соңғы күндері коронавирус жұқтырғандардың 85 пайызынан мутант вирус анықталған. Елдің Денсаулық сақтау министрі пандемияның үшінші толқыны шарықтау шегіне жетті деп жариялады. Қазір тәулігіне 50-55 мың адамнан вирус анықталуда. Науқастардың 40 пайызы Ыстамбұл қаласында тіркелген. Дегенмен әзірге туристер үшін шекараны жабу мәселесі көтерілген жоқ. Алайда жыл сайын ең көп турист баратын Ресей Түркиямен біржақты шекарасын жапты. Түркияның Денсаулық сақтау министрі бұл мәселеге қатысты келіссөздер жүріп жатқанын, таяуда шекараға қатысты нақты шешім қабылданатынын мәлімдеді. Қазір Түркияда вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде дейін 18 млннан аса адамға екпе салынған.
Фахреттин Қожа, Түркияның денсаулық сақтау министрі:
Біз маусым айының соңына дейін вакциналауды барынша қарқынды жүргізіп, 40 жастан асқан азаматтардың барлығына екпе салуды жоспарлап отырмыз. Қазір қолымызда 30 млн дана вакцина бар. Жақында Қытайдан тағы 50 млн дана алу жөнінде келісімге келдік. Күзге дейін өзіміздің отандық вакцина да жаппай қолданысқа енгізіледі.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19