Батыс Қазақстанда үш ер адам 805 дана киік мүйізімен қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда үш ер адам 805 дана киік мүйізімен қолға түсті

13.04.2021

Батыс Қазақстанда үш ер адам 805 дана киік мүйізімен қолға түсті. Бөкей ордасы ауданында жол бойында тоқтатылған күдіктілердің жеңіл көлігінен сегіз қапшыққа салынған мүйіз табылды. Қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы, сыбайластары, мүйізді өткізетін орындар анықталып жатыр.

Болатбек Белгібеков, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Бұл мүйіздердің құны шамамен 2 млрд теңгені құрайды. Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1/1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты 3 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Ардақ Мұратқызы


киік браконьер

Хабарламаларға жазылу