Оңталап Оңалбаев: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүргендердің басым бөлігі ер азаматтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңталап Оңалбаев: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүргендердің басым бөлігі ер азаматтар

11.04.2021

Жолдасбек Шырынбеков есімді Кентау қаласының тұрғыны Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп келген азаматтардың бірі. «Бұйырғанын әкелдім, үй алдым. Бірақ...» деп тоқтап қалды, тілшімізбен сұхбаттасып тұрып.

Білсек, кенже ұлы – Бекзат сол жақта апатқа ұшырап опат болған екен... Бекзаттың әжесі Сарагүл апа немересінің жолпұлына несие алғанын, кейін сол жақтан ақша жіберіп, ешқайда жаратып қоймай, несиені жабыңыздар дегенін айтты. Сөйтіп ешкімге қарыз болмай кеткен. Ал туған мемлекеті ше?

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Оңтүстік Кореяға барып жұмыс істейтін қазақстандық еңбек мигранттарының мәселелерін тізіп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Азаматтарымыздың құқықтары мүлдем қорғалмағанын айтты.

Депутат 15 мемлекет Кореямен еңбек миграциясын реттегенін, оның ішінде Қырғызстан мен Өзбекстан бар екенін атап өтті. Бұл елдің азаматтары Кореяда екіжақты келісімшарт негізінде Е-9 уақытша еңбек визасын алу арқылы заңды жұмыс істейді. Алайда Қазақстан бұл тізімде жоқ.

«Отанынан жырақта нан табудың жолында жүрген азаматтарымыздың мәселесін кім шешпек?! Біле білсеңіздер, 10 мың адам, ол он мыңдаған тағдыр мен олардың тілеуін тілеп жүрген 10 мың отбасы», – деді депутат.

Тақырыпты Данияр Қайыртай тарқатады.


Хабарламаларға жазылу