Қазақстандық ғалымдар коронавирустың жаңа штамдарын зерттеуді бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалымдар коронавирустың жаңа штамдарын зерттеуді бастады

08.04.2021

Қазақстандық ғалымдар коронавирустың жаңа штамдарын зерттеуді бастады. Олар - таяуда елде тараған ұлыбританиялық және оңтүстік африкалық нұсқалары. Сондай-ақ, ғалымдар індетке қарсы QazVac вакцинасымен қатар екпенің тағы 4 түрін жасап жатыр. Препараттар Жамбыл облысындағы биоқауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу институтында өндірілуде. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Отандық вакцинаның 50 мың дозасын өндіру бойынша жұмыс жалғасуда. Биологиялық бақылау аяқталды. Осы айдың соңында құжаттар денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылады. Ал қазіргі Спутник V вакцина салдырғандардың 17 пайызы мұғалімдер.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Жалпы, мұғалімдер вакцинаны өз еркімен алды, ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуіне шақырамын. Бұл қадамдар мұғалімнің өзінің қауіпсіздігіне, мектепте оқып жатқан балалардың, ұжым мен отбасының қауіпсіздігіне арналып отыр.

Ал биылдан бастап ҰБТ-дің өткізу процедурасы өзгереді. Электронды форматқа көшеді. Жалпы, биыл білім гранттары көбейеді. Бакалавриатқа 51 500, магистратураға 13 500 грант бөлінді.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу