Түркияда төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 10 экс-адмирал ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 10 экс-адмирал ұсталды

06.04.2021

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған елін 1936 жылы қабылданған Монтрё конвенциясында әрі қарай да қалдыруға уәде берді. Бірақ көбірек пайда көру үшін Анкара келешекте бұл құжатты қайта қарауға қарсы емес. Мұны Түрік Республикасының лидері дүйсенбі күні ескертті. 

Осыған дейін зейнеттегі 103 адмирал халықаралық келісімнен шықпау туралы мәлімдеме жариялады. Өйткені олардың пікірінше, Түркия бұл пәтуадан бас тартатын болса, Қара теңіз бен Жерорта теңізін жалғастыратын Босфор және Дарданеллы бұғаздарына бақылауды әлсіретіп алады. Мұны жоққа шығарған билік болса, бірер күн бұрын мемлекеттің конституциялық құрылымына қауіп төндірді деген себеппен бұрынғы 10 адмиралды тұтқындады.

Айта кетсек, Түркияда әскерилер 1960, 1980 және 1997 жылдары үш мәрте төңкеріс жасағаны белгілі.

Арыстан Рысбек

Түркия

Хабарламаларға жазылу