Түркияда 200-ден аса әскери сотқа жеткізілді
Түркияда өткен жылғы төңкеріс әрекеттеріне қатысы бар деп айыпталған 200-ден астам әскери сотқа жеткізілді. Олардың арасында жоғары шенді генералдар мен Түркия әскери әуе қорғанысының басшысы да бар. Күдіктілер сотқа аса құпия жағдайда жеткізілді. Ғимарат алдына айыпталушыларға өлім жазасын сұраған шерушілер де жиналған.
Естеріңізге салсақ, былтыр шілдеде Түркияда бір топ әскери төңкеріс жасамақ болды. Сол кезде 250-ге жуық адам қаза тапқан еді. Оны ұйымдастырды деп ресми Анкара діни уағызшы Фетхуллах Гүленді айыптап келеді. Гүлен болса, өзіне тағылған кінәні мойындамайды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15