Қайрат Құдайберген «Қаңтар оқиғасына» байланысты қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Құдайберген «Қаңтар оқиғасына» байланысты қамауға алынды

22.04.2022

«Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деп айыпталып жатқан Кәрім Мәсімовтің туысқан бауыры Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды! Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы, «аса ірі мөлшерде пара алды» деген күдікке ілініп, тергеу басталды. Сот оны қамауға алу туралы санкция шығарып қойған. Бірақ генерал-майор ұшты-күйлі жоқ. Қазір іздеу жарияланған. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат әзірге айтылмай отыр.

Сондай-ақ Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Қайрат Құдайберген қамауға алынды. Белгілі кәсіпкер және блогер «Қаңтар оқиғасын ұйымдастырды және жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген күдікке ілінген. Қалалық прокуратура әзірге, өзге мәліметті жарияламай отыр. Ал кейбір ақпарат көздері, 38 жастағы депутат, тәртіпсіздік кезінде «Дикий Арман» аталып кеткен Арман Жұмагелдиевтің жанында болған деп жазып жатыр.


Хабарламаларға жазылу