Ұлыбританияда теракт жасамақ болған 4 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда теракт жасамақ болған 4 адам ұсталды

20.12.2017

Ұлыбританияда жаңа жылдық мереке алдында «теракт жасамақ болды» деген күдікпен 4 адам ұсталды. Олардың біреуі Англияның солтүстігіндегі Оңтүстік Йоркширде, ал, үшеуі Шеффилдте қолға түскен. Полицияның мәліметінше, күдіктілер 22, 36 және 41 жаста. Оларды ұстау кезінде іргелес көшелер жабылып, тұрғындар уақытша көшірілген. Ал, оқиға орнына саперлер шақырылды. Қастандық жоспарлағандарды Батыс Йоркширде полиция тергеуге алып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу