Коронавирусты вакцинация арқылы ғана жеңе аламыз - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусты вакцинация арқылы ғана жеңе аламыз - депутат

02.04.2021

Коронавирусқа төтеп бере алудың бірден-бір жолы - вакцина. «Спутник V» екпесін алған депутат Мирас Шекенов ешқандай кері әсердің болмағанын айтты. 

Депутат әрі белгілі ғалым кезінде Ресейдегі микробиология саласында аспирантураны бітірген. Ол бұл екпе адам ағзасындағы аденовирустың негізінде құрылғанын айтады. Сондықтан оның адам ағзасына кері әсері жоқ деп отыр. Ковидке қарсы екпе салдыру науқанына жаппай қатысу арқылы ғана індетті жеңуге болады дейді ғалым.  

Мирас Шекенов, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының депутаты:
Ең алдымен этикалық тұрғыдан ешкімді екпе салдыруға мәжбүрлемеу керек. Бұл әрбіреудің жеке шешімі. Дегенмен, бұл жерде екі нәрсені ғана ұғып алуыңыз керек. Сіздің иммунитетіңіз вакцинациядан өткен кезде немесе короновирусқа жұққан кезде ғана қалыптаса алады.

Хабарламаларға жазылу