Қаралы күнде қоғам қайраткерлері қайғыра көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаралы күнде қоғам қайраткерлері қайғыра көңіл айтты

29.10.2023

Қарағандыдағы апат күллі Қазақстан жұртының қабырғасын қайыстырды. Халық қайтыс болған кеншілердің жақындарына көңіл айтып жатыр.

Асхат Маемиров, режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

Осындай қайғылы жағдайларды тек ол бойлып ұйысқан кезде, ұл болып ұйысқан кезде, ел болып біріккен кезде ғана біз жеңе аламыз. Қазіргі әлемдегі ахуалда қазір қиындап бара жатыр. Соның барлығы бізді болттай мықты болуға шақырады.

Сәт Тоқпақбаев, отставкадағы генерал-полковник:

Бүкіл мемлекеттің мүмкіншілігін пайдаланып, зардап шеккендерді құтқару, керек болса медициналық көмек көрсету, басқа да материалдық көмек көрсету мәселелері күн тәртібінде. Бұл жалғыз шахтерлардың емес, бүкіл халыққа қайғылы жағдай. Қазақстан халқына. Сондықтан бұл қайғыға бәріміз ортақтасамыз.


Хабарламаларға жазылу