Маска тағып жүру вирус жұқтыру қаупін 90%-ға төмендетеді - мамандар

16.10.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Каролин Кларинваль қазақстандықтарды коронавирус кезінде дәрігерлердің кеңесін ұстануға шақырды. Ол вирус әлі арамызда бар екендігін айтып, сақтанақ қана дертті жеңе аламыз деп ескертті. Осы орайда қазақстандық сарапшылар да маска тағып жүрудің маңыздылығын айтуда. Мамандардың сөзінше, бетперде инфекция жұқтыру қаупін 90 процентке азайтады. 

Алмаз Шарман, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті:
Маусым, шілде айларында қалай сақтансақ, қазір де солай қорғануымыз керек. Сіз ауырып жүрмесеңіз де, вирус мұрынға немесе ауызға түсіп, байланыс арқылы одан әрі таралуы мүмкін. Сақтық шараларын ұстансаңыз, өзіңізді де, басқаларды да қорғайсыз. Сондықтан көпшілікті бұған жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Нұрхан Нұрланұлы

маска медициналық маска коронавирус дәрігер кеңесі

Хабарламаларға жазылу