Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник V» вакцинасын салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник V» вакцинасын салдырды

06.04.2021

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V»  вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы» - делінген жазбада.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу