Студенттер мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

28.12.2019

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері «Даңқ» мемориалындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ұшақ апатынан қаза тапқандардың рухына тағзым етті. Шейіт болған азаматтарды үнсіздікпен еске алды. Жастар «мұндай қиын кезеңде ізгілік қасиетті биік қоюымыз керек. Қайғының қасіретін де, елдіктің қасиетін де ұғына отырып, бірлікті нығайтқанда ғана ауыртпалықты жеңе аламыз»,-дейді. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу