Қазақстанның сыртқы несиелік қарызы 160 млрд доллардан асты
Қазақстанның сыртқы несиелік қарызы 160 млрд доллардан асты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Андрей Линник Үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында айтты. Мәселен, бір ғана Еуропалық қайта құру және даму банкі 280 жобаны 9,4 млрд долларға қаржыландырған. Оның 66 пайызы – жеке меншік компанияларға тиесілі. Сәйкесінше, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы жобалар да тым қымбат. Депутат шенеуніктер сыртқы қарыздарды күдікті мақсатта жұмсайды, ал берешекті қайтару қарапайым халықтың қалтасын қағады деп отыр.
Андрей Линник, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шетел инвестицияларын тарту мен олардың аясындағы жобаларды жүзеге асыру – мемлекет пен қоғам мүддесіне сәйкес келуі тиіс деп есептейміз. Сондықтан, әріптестік пен қаржыны пайдалану тетіктерін қайта қарау қажет. Тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Бастысы – қарызды қайтаруда ел азаматтарына ауыртпалық түспеуі тиіс.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27
Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды
29.09.2026, 17:25
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
29.09.2026, 17:22
Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған
29.09.2026, 17:20
Астанада C5+1 конференциясы басталды
29.09.2026, 17:17
«Алтын виза» иелеріне салық жеңілдіктері берілуі мүмкін
29.09.2026, 17:15
Жетісу облысы диқандары 585 мың тонна қант қызылшасын жинамақ
29.09.2026, 17:12