Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирустан 17 адам көз жұмды. 1663 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 244981-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 1063 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 219094. Қайтыс болғандар - 3046.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 642 адам ем қабылдап жатыр. 353 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 82 адам дертке шалдығып, 4 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50525 адамға пневмония диагнозы қойылды. 48036 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 688.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30
Израиль полициясы Газаға көмек апармақ болған 175 адамды тұтқындады
01.05.2026, 20:29
Заңгер: Отбасы құндылығы заңмен қорғалады
01.05.2026, 20:27
Жаңа Конституция – ашық диалогтың негізі
01.05.2026, 20:25