Заңгер: Отбасы құндылығы заңмен қорғалады
Мерейлі отбасы – іргетасы берік мемлекеттің негізі. Ал жаңа Конституцияда отбасы, әке, ана мен балаға қорған болу мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде көрсетілген. Ата заңымыздағы бұл қағида қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуды көздейді. Құжатта бұдан өзге де маңызды нормалар қамтылған. Әріптесім Нұрдәулет Сыздық, сала мамандарымен тілдесіп қайтқан еді.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Отан отбасынан басталады. Екі жастың ерікті некесі тұғыры биік ел болудың алғы шарты. Тұрғындардың пікірі осыған саяды. Ата заңда да неке ер мен әйелдің ерікті келісімі негізінде құрылатыны нақты көрсетілген. Заңгердің сөзінше, бұл норма әр азаматтың жеке бостандығын қорғап, қандай да бір мәжбүрлеуге жол бермейді.
Салтанат Тыныстанова, заңгер:
Отбасы деген не? Неке деген не? Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері барлығы көрсетілген. Ал Конституция оны заңда некені әйел мен еркектің ерікті одағы деп көрсетеді. Сондықтан ол Неке және отбасы кодексінде де және Конституцияда бұл қорғау көрініс тапқан.
Ата заң адам құқығын қорғайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Баланың құқы мемлекет назарында. Жас буын қауіпсіз ортада өмір сүріп, білім алып, жан-жақты дамуы тиіс. Бұл нормалар отбасындағы тұрақтылықты нығайтып, ұрпақ тәрбиесінің маңызын арттыруға бағытталған.
Жамал Баймәдиева, Жетісу облыстық Аналар кеңесінің төрағасы:
Заңда 30-бапта отбасына ерекше тоқталып, қазіргі отбасындағы ананың орны, әкенің орны, олардың бала алдындағы жауапкершілігі. Осыдан-ақ біз ананың бала тәрбиесіндегі, мемлекетті сақтап қалудағы қоғамдағы орны қандай керемет үлкен екенін түсінуімізге болады.
Мамандардың пікірінше, отбасы тұрақтылығы ең алдымен құқықтық сауаттылық пен өзара жауапкершілікке байланысты. Заңды құрметтеу мен саналы тәрбие қоғамның берік негізін қалыптастырады.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00