СҚО-да 79 ауылды су басуы мүмкін
Солтүстік Қазақстанда шағын өзендердегі судың деңгейі сәуір айының бірінші онкүндігінде көтеріле бастауы мүмкін. Казгидромет мәліметінше, бүгінгі күні Есіл өзеніндегі мұздың максималды қалыңдығы 99 сантиметрге дейін жетеді. Сергеев су қоймасы 86 пайызға толған. Мамандардың айтуынша, ондағы су деңгейі тиісті нормадан 60 пайызға асып кетуі мүмкін. Қазір өңірде қауіпті аймақта орналасқан 79 елді мекеннің жағдайы бақылауға алынды. Петропавл қаласында да су басуы ықтимал үйлердің тізімі жасалды. Талдау кезінде соңғы үш жылдық статистикалық көрсеткіштер есепке алынған. Оған сәйкес 240 үй су астында қалуы мүмкін деген мамандар, қазір сақтық шараларын күшейтті.
Эльмира Каленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада: Бүгін 5 спортшымыз шығады
18.02.2026, 13:35
Өзбекстанда өз көлігіңізбен жүру мерзімі 90 күннен 180 күнге дейін ұзаруы мүмкін
18.02.2026, 13:30
Ресейде автокөлік алушылар азайып кетті
18.02.2026, 13:24
Конституция жобасы әділетті қоғам орнатуға бағытталған
18.02.2026, 13:18
Мемлекеттік басқару академиясы Конституция жобасын түсіндірді
18.02.2026, 13:15
Коалиция мүшелері Шымкент халқымен жүздесті
18.02.2026, 13:12
Таразда 13 жастағы қызды ұрлағысы келгендер ұсталды
18.02.2026, 13:09
Алматыда қызылшаға жұқтырған балалар көбейді
18.02.2026, 13:06