Басты Жаңалықтар Павлодар облысында 49 ауылды су басуы мүмкін

Павлодар облысында 49 ауылды су басуы мүмкін

Тасқын судан сақтану шараларына Павлодар облысы бюджеттен  893 млн.теңге қаржы бөлді. Себебі, биылғы қыс қатты болды. Қырдағы қардың орташа қалындығы 27 см. Бұл нормадан 1,5 есе көп. 

Наурыздың 20-нан бастап аймақта күн жылынады. Қар,  күрт ериді деген болжам бар.  Бұл ауыл халқын әбігерге салуы мүмкін. Себебі, қазірдің өзінде кейбір тұрғындар қорадағы азын -аулақ малын әупіріммен ұстап отыр.

Болат АМАНБАЕВ

Бөлісу