Атырауда салмағы 200 кг болатын балық ауланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда салмағы 200 кг болатын балық ауланды

19.04.2022

Атырауда Жайық өзенінен алып балық ауланды. Бекіре тұқымдасына жататын аналық қорытпаның салмағы 200 келіге жуықтайды. Ұзындығы 2 метр 47 см болатын балық "Амангелді" кооперативінің құрған ауына түскен. Бүгінде, ол арнайы тоғанға жіберілді. Қорытпада шамамен 40 келідей уылдырық бар. Енді мамандар уақыты келгенде уылдырықты алып, шабақ шығармақ. Балықшылар екі жыл қатарынан осындай олжаға кенелді. Ол кездегі алып балық 150 келі болған.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу