Жапонияда 405 келі тартатын тунец  320 мың долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда 405 келі тартатын тунец  320 мың долларға сатылды

05.01.2018

Токиода салмағы 405 келі көк тунец 320 мың долларға сатылды. Ол Цукидзи базарында  аукционға қойылған. Бұл турасында NHK хабарлап отыр. Алып балық Тынық мұхиттағы Ома портының маңында ауланған. Оны Ginza Onodera ресторандар желісінің қожайыны Хироши Онодера сатып алды. Бұл - биылғы аукциондағы ең қымбат сатылым. Алайда, 2013 жылы 222 келі тартатын дәл осындай балық шамамен 1,4 миллион долларға өтіп, рекорд орнатқан еді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу