БҚО-да боранға байланысты барлық жолдар жабылды
Батыс Қазақстан облысында боранның салдарынан 12 бағыт бойынша жол жабылды.
Сырым ауданында кішкентай баласын алып, трактормен жылқы іздеген малшы жоғалып кетті. Құтқарушылар әкесі мен баласын төрт сағаттан кейін бірақ тапты. Екеуі де дін аман. Осы күні ескертуге қарамастан жолға шығып кеткен 20 адам құтқарылды. Оның 8-і бала. 11 көлік қар құрсауынан шығарылды.
Ал Жамбыл облысында ақтүтек боранда адасып кеткен жолаушы екі күннен кейін табылды. Талас ауданының тұрғыны Көктал ауылынан 17 шақырым жерде көлігімен қарға батып қалған. Ол медициналық көмекке жүгінбеді. Сондай-ақ, құтқарушылардың күшімен Саудакент-Жаңатас тасжолының бойыннан 15 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суды үнемдеп, өнімді еселеген тәсіл
09.04.2026, 13:05
Қарызын жаппаған шаруалаларға несие берілмейді
09.04.2026, 13:04
«Семей орманы» резерваты жаңа техникамен жабдықталған
09.04.2026, 13:03
АҚШ – Иран келіссөзі сенбіде өтеді
09.04.2026, 13:02
600-дей инвестордың құқы қорғалған
09.04.2026, 13:01
Жасыл энергия – үш елдің ортақ стратегиясы
09.04.2026, 13:00
Батагөйлер байқауы мәресіне жетті
09.04.2026, 10:20
Шымкентте жасыл желек қурап жатыр
09.04.2026, 10:18