Төтенше жағдай және карантин кезеңдерінде қабылданған кешенді шаралар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай және карантин кезеңдерінде қабылданған кешенді шаралар

15.03.2021

Төтенше жағдай және карантин кезеңдерінде бірқатар кешенді шаралар қабылданғаны есте. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен алғаш рет төлемдер жасалды.

Алдымен, карантин кезінде жұмысы тоқтап, табыссыз қалған 4 млн 600 мың адамға қолдау көрсетілді. Ең төменгі жалақы мөлшері бойынша 42500 теңгеден берілді. Жалпы сомасы – 475 млрд теңге. Одан кейін, қауіп пен қатердің ортасында болған дәрігерлер қамтылды. Індетті жұқтырған 9,5 мың медицина қызметкеріне өтемақы берілді. Оларға 20,5 млрд теңге жұмсалды.

Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал санатына жататын 1 млн-нан астам адамға ай сайын азық-түлік пакеттері таратылды. Осы мақсатта 25 млрд теңге қарастырылды. Инфекцияның өсу қаупін азайту үшін атаулы әлеуметтік көмек 600 мыңнан астам адамға автоматты түрде ұзартылды. Сонымен қатар, 55 мың адамға мүгедектігі бойынша жәрдемақы ұзартылып, төленді.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу