Әлемде коронавирустың таралуы өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирустың таралуы өршіп тұр

15.03.2021

Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы өршіп, шектеу шаралары қайта күшейтіліп жатыр. Қауіпті көшті бастап тұрған АҚШ-та дертке шалдыққандар саны 30 миллионға жуықтап қалды.

Еуропа елдерінде де жағдай мәз емес. Францияда коронавирустың өршуінен, ауруханаларда орын тапшылығы байқалады. Париж маңындағы елді мекендерде ауыр халдегі науқастар басқа аймақтарға жіберіліп жатыр. 5 миилионнан астам адамға вакцина салынғанына қарамастан, инфекция күніне 30 мыңдай адамнан анықталуда.

Италияда тағы локдаун жарияланып, бүгіннен бастап оқушылар онлайн оқу режиміне ауысты. Жұмыс орындары, мұражайлар, мейрамханалар жабылды. Жалпы мұнда дерттен қайтыс болғандар саны 101 мыңнан асқан.

Жапония болса шетелден күніне келетін жолаушылар санын екі мыңға дейін азайтты. Бұған «ковид» науқастарының күрт артуы себеп. Елдің 47 префектурасында британдық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық штамдар тіркелген.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу