Түркияда коронавирустың таралуы өршіп, локдаун жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда коронавирустың таралуы өршіп, локдаун жарияланды

22.04.2021

Түркияда коронавирустың өршуіне байланысты толық локдаун жарияланды. Ертеңнен бастап бүкіл ел аумағында тәулік бойы коменданттық сағат енгізіледі. Тұрғындарға сағат 10-нан кешкі 5-ке дейін азық-түлік дүкеніне, ауруханаға, дәріханаға ғана баруға рұқсат. Аталған режим үш күнге созылады. Елде инфекция жұқтыру оқиғалары рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Өткен күні індетке 63 мыңнан астам адам шалдыққан. Елде жалпы КВИ жұқтырғандар саны 4,5 миллионға жуықтап, 37 мыңдайы одан қайтыс болды.


Хабарламаларға жазылу