Коронавирус шыны бетінде 28 күн өмір сүреді - ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус шыны бетінде 28 күн өмір сүреді - ғалымдар

12.10.2020

Австралия ғалымдары коронавирустың шыны бетінде 28 күнге дейін өмір сүретінін анықтады. Вирус қағаз ақша мен ұялы телефонда да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Ал мақта немесе өзге де материалдарда тез өледі. Дегенмен, мамандар вирус негізінен адамнан адамға жұғады деп отыр.

Қазір әлемде COVID шалдыққандар саны 37,5 миллионнан асты. Үндістан науқастар саны 7 миллионнан асқан АҚШ-тан кейінгі екінші мемлекет. Соңғы тәулікте инфекция 75 мыңдай адамнан табылған. Індетке шалдыққандар саны небәрі 13 күн ішінде миллионға артты.

Вирустың таралуы Еуропада да өршіп тұр. Күні кеше ковидпен Испания мен Ұлыбританияда 13 мың, Францияда 16 мыңдай адам тіркелді. Осыған байланысты, мемлекеттер эпидемиямен күресу үшін жаңа шектеу шараларын қабылдап жатыр.

Жансая Қапасқызы

Австралия коронавирус

Хабарламаларға жазылу