Маңғыстау облысында бір тәулікте 156 адамнан вирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында бір тәулікте 156 адамнан вирус анықталды

13.01.2022

Маңғыстау өңірінде карантиндік шектеулер қайтадан күшейтіледі. Себебі, коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны өршіп кеткен. Облыс бүгін «қызыл» аймаққа енді.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Маңғыстауда карантиндік шектеулер күшейтіледі. Себебі, коронавирустың таралуы өршіп, облыс бүгін «қызыл» аймаққа енді. Соңғы 6 тәулікте қауіпті індет жұқтырғандардың саны күрт өсті. Мәселен, қаңтардың алғашқы аптасында 25 адамнан инфекция табылса, 5-і мен 11-і аралығында 289 адам індетке шалдыққан. Ал соңғы тәулікте 156 адамнан вирус анықталды. Облыстағы жұқпалы аурулар ауруханаларында 73 науқас ем алып жатыр. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты бас санитар дәрігердің қаулысы әзірленуде.

Хабарламаларға жазылу