Ақтөбе облысында малдан қарасан ауруы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында малдан қарасан ауруы анықталды

11.03.2021

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында малдан қарасан ауруы шықты. Серіктестіктің мал дәрігері алдымен аудандық ветеринария станциясына хабар берген. Төрт өлекседен сынама алынып, зертханаға жіберілді. Тексеруден соң облыстық зертхана қарасан ауруы деген диагноз қойды. Қазір қыстақ карантинде. Шаруашылықта 120 мүйізді ірі қара мен 90 жылқы бар.

Гүлсара Жақыпова,  облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Осы факт бойынша біздің мамандар қыстаққа барды. Сараптама үшін материалдар алынды. Нәтижесінде малдың қауіпті ауруға ұшырағаны белгілі болды. Қазір ол жерден малды сыртқа шығаруға тыйым салынды. Басқа малдарға вакцина егілді.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу