Қарағанды облысындағы қыстақтардың бірінде карантин жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы қыстақтардың бірінде карантин жарияланды

06.12.2022

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы қыстақтардың бірінде карантин жарияланды. Мартбек Мамыраев атындағы ауылға қарасты Қоспақ шаруашылығындағы ірі қара малдан қарасан ауруы анықталды. Бастапқыда бұзау мен тайыншаларда улануға ұқсас белгілер пайда болыпты. Көп ұзамай 11 бас өлген. Ветеринарлық тексеруден кейін кеселдің қарасан екені белгілі болды. Мамандар қыстақта карантин жариялап, қалған малдың бәріне екпе салған. Қора-қопсыны түгел дезинфекциялады. Ауырған сиырлардың еті мен сүтін тұтынуға болмайды. Өлекселер түгел жойылған. Ал мал иесінің шығыны өтеледі. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу