Солтүстік Қазақстанда белгісіз дерттен қара мал өліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда белгісіз дерттен қара мал өліп жатыр

18.10.2021

Бейнежазбадағы жағдай Уәлиханов ауданының Мортық ауылында түсірілген. Тұрғындардың айтуынша, дәл осындай ауру 3 жыл бұрын тіркеліпті. Алайда мал дәрігерлері сараптама жасамаған. Елдімекенде соңғы 3 айда 20 бұзау шығын болды. Облыстық ветеринария басқармасының өкілдері сараптама нәтижесі әзірге белгісіз екенін жеткізді.

Бұйдамхан Әдбікерім, ауыл тұрғыны:

Ауру белгілері – ісінеді, іскені сондай, кейбіреуі жарылады. Ол қарасан ауруы деп саналады. Бұл қарасан ауруы екенін ветеринарлар айтып жатыр. Көктемде берілетін вакцина егілген жоқ. Сондықтан мына ауру шығып отыр.


Хабарламаларға жазылу