Көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны жеңілдікпен беріледі
Сұйытылған мұнай газының бағасы еркін нарыққа шыққалы бензин құны да қымбаттап шыға келді. Энергетика министрлігі көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны жеңілдікпен берілетінін мәлдімдеп отыр.
Дарын Сағитов, тілші:Аталған ведомство Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағар май жеткізу жайын пысықтаған. Биыл 380 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен беріледі. Кестеге сай сұйық отын еліміздегі Павлодар мұнай-химия зауыты, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» серіктестігінен және Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлінеді. Тиеп-жөнелту жұмыстары тәулік сайын бақылауда болады.
Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:Дизель отыны автожанар-жағар май құю станцияларымен салыстырғанда 13-14 пайыз, яғни 21-22 теңге литріне төмен боалтынын жоспарлап отырмыз. 9 наурыздағы жағдай бойынша 11 мың тонна тиеліп, жөнелтілді.
Дарын Сағитов, тілші:Ведомство өкілдері Қазақстанда бензин мен дизель отынының қажетті қоры бар деп отыр. Ал ақпанның соңына қарай жанар майдың қымбаттауына мұнайдың ішкі нарықтағы бағасы, салықтар мен акциздер, несие, тасымалдау сынды түрлі шығындар себеп болып отыр. Сонымен қатар, сұраныс артып келеді. Басқосуда Маңғыстау өңірінде сұйытылған газ бағасының өсуі де сөз болды. Минситрлік өкілдері қазір бұл бағытта тиісті жұмыстардың қолға алынғанын мәлімдеді. Жағдай аймақ әкімшілігінің бақылауында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24