Министр бюджет қаражатын игермеген өңірлер мен мекемелерді атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр бюджет қаражатын игермеген өңірлер мен мекемелерді атады

11.03.2021
Министр бюджет қаражатын игермеген өңірлер мен мекемелерді атады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 97,3, республикалық бюджеттің шығыстары – 99, жергілікті бюджеттердің шығыстары 94,5 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 2 трлн 510 млрд теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 25 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 13 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 12 млрд теңге. Игерілмеген неғұрлым ірі сома Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Денсаулық сақтау, Әдiлет және Мәдениет және спорт министрліктерінде қалыптасып отыр.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 853 млрд теңгені құрады. Атқарылмағаны - 49 млрд теңге. Осы жылы өңірлерге 1,9 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 наурызға дейін 211 млрд теңге бөлінген. Оның 95,1 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 10 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 9 млрд теңге игерілмеді. Ең көп игерілмеу Маңғыстау облысы, Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында қалыптасты», - деді министр Үкімет отырысында.


Үкімет бюджет

Хабарламаларға жазылу