«Павлодар-Семей» тасжолында жол апатынан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Павлодар-Семей» тасжолында жол апатынан 4 адам қаза тапты

27.08.2018

«Павлодар-Семей» тасжолында жол апатынан Павлодар облысы Мәдениет басқармасының  басшысы және оның отбасы қаза тапты. Аққулы ауданы Қарақала елді мекені аумағында екі жеңіл көлік соқтығысып, басқарма басшысы Ардақ Райымбеков, оның зайыбы, баласы және туысы қаза тапты. Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Апатқа ұшыраған мемлекеттік қызметкер кезекті еңбек демалысында болған. Қазір оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Алма Мұсабекова, ОІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қаза тапты. Біреуі 3 жастағы бала. Тағы екі адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Осы дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр. Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Кімнің кінәлі екендігін тергеу анықтайды.

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу