Нұр-Сұлтанда жол апатынан екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда жол апатынан екі адам қаза тапты

15.11.2021

Павлодар–Успенка тасжолында қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ -2107 және Фольксваген көліктері соқтығысып, салдарынан екі адам қайтыс болды, үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Соққының қатты болғаны соншалық, «Жигули» екіге бөлініп кеткен. Көлік ішіндегі 70 жастағы ерлі-зайыптылар сол жерде тіл тартпай кетті. Полицияның мәліметіне қарағанда дәл осы «Жигули» автокөлігі қарсы бетке шығып кеткен.

Ал Нұрсұлтан –Қарағанды магистралі бойындағы төлем жасайтын терминал маңында бес көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты. Сондай ақ, Қостанай-Рудный тасжолында ірі жол апаты болды. 6 адам жарақат алды. Жолаушылардың бірі қаза тапты.


Хабарламаларға жазылу