Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

21.12.2020

Павлодар-Қызылорда тасжолында көлік апаты болып, 5 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі жас бала. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқан адамдардың кім екені анықталып жатыр. 

Жасқайрат Қайыров, облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Полиция ауа райына байланысты жол ережелерін қатаң сақтауға және алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды. Қиын жағдайда және көмек керек кезінде жол қозғалысының қатысушылары 102 номері бойынша тәулік бойы хабарласуына болады. 

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды. Оқиға өткен демалыста Жезқазған-Петропавл тасжолында Есіл ауданы аумағында болған. Жеңіл автокөлік жүргізушісі алдында келе жатқан машинаны басып озбақ болып, қарсы жолаққа шыққанда жүк көлігіне соғылады. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі және 2 жолаушы оқиға орнында мерт болды.

Болат Аманбаев

жол апаты

Хабарламаларға жазылу