Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сыр өңірінде жол апатынан 5 адам қаза тапты. Оқыс жағдай кеше Қызылорда-Құмкөл тасжолында болды. Соқтығысқан екі көлікте «Айдан-Мұнай» компаниясы мен «Бастау» серіктестігінің 13 жұмысшысы болған.
Әділбек Серікұлы, тілші:
5 адамның өмірін қиған Қызылорда-Құмкөл трассасындағы қайғылы жағдайға жүргізушілердің бірінің жол ережесін сақтамауы себеп болған деп отыр мамандар. Көп сыйымдылықты Mercedes-Benz Sprinter мен Toyota Hilux жеңіл автокөлігі бетпе-бет соқтығысған. Қатты жылдамдықпен келгені соншалық - көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Оқиға орнында 3 адам тілге келместен қаза тапқан. Екеуі ауруханаға жетпей көз жұмды. Жантүршігерлік жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда.
Шәмшидин Әмитов, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
345-бабтың 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалардың барлығы тағайындалды. Mercedes-Benz Sprinter-де 10 адам болған, екінші Toyota Hilux-те үш жолаушы отырған. Қай жүргізушінің кінәсінен жол-көлік оқиғасы болғаны тергеу амалдарынан кейін белгілі болады.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сондай-ақ жол апатынан зардап шеккен тағы 5 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылған. Оның төртеуі ауыр дене жарақатын алған. Ал бір жолаушының хәлі ауыр. Ол жан-сақтау бөлімінде жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында мектеп оқушыларына арналған экологиялық танымдық дәріс өтті
23.01.2026, 10:31
Қостанай облысында соңғы 4 жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқасында 400-ге жуық бала дүниеге келді
23.01.2026, 10:29
Ақмола облысында балықшылар мен аңшыларға 8,5 млн теңге айыппұл салынған
23.01.2026, 10:26
Медицина университетінің студенті ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды
23.01.2026, 10:01
Президент: Цифрландыру халыққа қызмет етуі керек
23.01.2026, 10:01
Сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйді онлайн рәсімдеуге болады
23.01.2026, 10:00
Ресейде қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрі шығарылды
23.01.2026, 09:59
Венесуэллада денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Мадуроның босатылуын талап етті
23.01.2026, 09:58