Басты Жаңалықтар Қазақстанда көктемгі ҰБТ басталды

Қазақстанда көктемгі ҰБТ басталды

Қазақстанда көктемгі ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанда көктемгі ҰБТ басталды.

Тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Егер бұған дейін көктемгі тестілеу тек 10 күнге созылса, биыл қатысушыларға 1 ай уақыт беріледі. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет.

Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималды балл – 140.

Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 сәуірге дейін жалғасады. Оның нәтижесімен ақылы бөлімге түсуге болады.

Бөлісу